Ауыл оқушылары «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшіріледі

441

Фото: pixabay.comАуыл мектептерінің оқушылары үшін «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшу жоспарланған. Бұл турал бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
 
«Ауыл мектептерінің көбісі бір ауысымда оқитын болғанның арқасында, оқушылары үшін «толық күн» жұмыс істейтін форматқа көшу жоспарланды. Ауыл балаларының дамуындағы ерекшеліктерін ерте анықтауға және оларды уақытылы қолдауға назар аударылады», - деді ол. 
 
Министрдің дерегінше, бүгінгі таңда ауылда ерекше қажеттіліктері бар 58 мың бала арнайы көмекті қажет етеді. 
 
«Ол үшін ауылда психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер мен түзету кабинеттерінің саны кеңейтіледі, қосымша орталықтарды ашамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.