Қазақстанда жаңадан 32 инсульт орталығы ашылмақ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният алдағы екі жыл ішінде елімізде жаңа инсульт орталықтары ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Отандық нейрохирургия саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл сала бойынша көп елдің алдындамыз. Қазір біз заманауи техонолияларды енгізуге ерекше назар аударып отырмыз. Яғни әлемде қандай жаңа технология шығады, соны елімізге әкелу жолында жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар нейрохирургияны аудандық, ауылдық жерлерде және жаңадан ашылған облыстарда одан әрі дамыту мәселесі тұр. Одан бөлек, нейрохирургия бойынша оңалту және профилактилкалық жұмыстарға үлкен мән беріп жатырмыз»,- деді Ажар Ғиният елордада өтіп жатқан нейрохирургтардың V конгресс барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, аталған сала мамандары шетелде біліктілігін арттырады, сол сияқты шетелдің үздік мамандары елімізде шақыралады.
«Бүгінде елімізде 71 инсульт орталығы бар. Алдағы 2 жылдың ішінде аудан орталықтарда 32 инсульт орталығы ашылады. Ол жерде тек нейрохирургтар ғана емес, компьютерлік томографтар, магнитті-резонансты визуалдау мамандары болады», - дейді ведомство басшысы.
Айта кетейік, елордада отандық нейрохирургтардың V конгресі өтіп жатыр.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ұлттық нейрохирургия орталығын 15 жылдығымен құттықтаған еді.