Нұр-Сұлтанға қытайлық Sinopharm вакцинасы жеткізілді
307
Қытайлық Sinopharm (Vero Cell) вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Ол қалалық емханалар мен оларға бекітілген сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне таратылады.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина егу пунктеріне жеткізілгеннен кейін тұрғындарды вакциналауды бастаймыз. Вакцина медициналық ұйымдардың егу пунктеріне жеткізіледі. Олар сауда орталықтарындағы бекітілген егу пунктеріне 24 сағат ішінде жеткізеді", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Рүстемова.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы екінші компонентті алу кезінде проблемалық жағдайларды болдырмау үшін, тұрғындар мүмкіндігінше бір жерде екпе жасау керегін, яғни бір вакцинация пунктінде екі компонентті алу керегін айтты.
"Біз тұрғындардан бір вакцинация пунктінде бірінші және екінші компоненттерді алуды сұраймыз. Мысалы, сіз бірінші дозада белгілі бір емханаға немесе сауда орталығына келген болсаңыз, онда екінші дозаны да сол жерден алуды ұсынамыз", - деді Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Қазіргі уақытта елордада вакцинаның үш түрі бар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac вакцинасы және Sinopharm.