Қазақстанда 6 мың түрлі дәрі-дәрмек шекті бағамен сатылады
Елде бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 6 мыңнан аса саудалық атауына шекті бағалар бекітілген, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы бұйрығына сәйкес, дәрі-дәрмектің құны белгіленген шекті бағадан төмен болады.
Бұл қадам елдің барлық аумағындағы баға саясатын реттеуге көмектеседі. Яғни, белгілі атаулы дәрінің бағасы барлық жерде бірдей.
Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 426-бабына сәйкес дәрі-дәрмекті бекітілген шекті бағадан асыра сатқандарға жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, шекті бағадан асыра сату фактісі анықталған жағдайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне дәлелді құжаттармен, яғни дәрі-дәрмек және сату түбіртегімен немесе DARIKZ мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады.