Жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету қажет - профессор
479
Халықты, оның ішінде жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету қажет- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жұқпалы және тропик аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова айтты.
«SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты қала тұрғындары, соның ішінде жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету керек», - дейді спикер.
Күләш Құрманова балаларды, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялауға қатысты деректер жеткілікті жинақталғанын атап өтті. Сондықтан Pfizer компаниясының Comirnaty препаратының қауіпсіздігіне алаңдауға немесе күмәндануға негіз жоқ. Сонымен қатар, профессор қаланың «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін де, әсіресе, ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру қажет екенін еске салды.
«Вакцинацияның бірінші курсынан кейін 6 немесе 9 айдан кейін ревакцинациядан өту қажет. Антиденелер деңгейі біртіндеп төмендейді, ал үдеткіш вакцина ұзақ уақыт сақталатын жасушалық иммунитетті қосу арқылы олардың айқын қалыптасуына ықпал етеді», - деп кеңес берді профессор.
Ол коронавирус пандемиясы әлі де жалғасып жатқанын және инфекцияның жаңа толқындарының болуы мүмкін екенін еске салды. Сондықтан жаппай иммундану қажет.