Қызылордада белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған тұрғынды көлік қағып мерт қылды

336

Қызылордада жеңіл көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 5 маусымда түнгі уақытта Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында болған.


«Жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қаққан. Оқиға салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.


Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.