Түркістан тауларынан өлі күйінде табылған атыраулық студент кім

267

Фото: ТЖДТүркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалынан табылған мәйіт атыраулық Нұрдәулет Наурызбайға тиесілі. Бұны қаза болған студенттің туыстары растады.


Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, 22 жастағы Наурызбай Нұрдәулетов Назарбаев Университетінің студенті болған. Үшінші курсты бітіргеннен кейін Нұр-Сұлтаннан Атыраудағы үйіне келіп, 19 мамырда бірге оқитын топ студенттерімен бірге Шымкентке, одан әрі төрт күнге Түркістан облысының тауларына туристік жорыққа шығуды жоспарлапты. Олар 24 мамырда қайта оралатындарын айтқан, бірақ тауда жоғалып кетті. 


Еске салайық, Төле би ауданының "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда түскен болатын. 
Оның үшеуі аман-есен табылып, үйлеріне қайтарылды.


 Ал 29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылған. 


Сонымен қатар, 12 маусым күні Түркістан облысының "Сайрам-Өгем" шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды. Кейін ол Өгем шатқалында жоғалған 2004 жылғы турист екені белгілі болды. Жоғалған жігіттің әкесі ұлын таныған. 


Ал кеше құтқарушылар Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның денесін тапқанын хабарлады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.