Алматыда Әбсаттар қажы Дербісәліні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

266
Марқұмның жаназа намазын Әбсаттар қажының шәкірті, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оқып, қайғы жамылған әулетке сабыр тіледі. Әбсаттар қажы Бағысбайұлы еліміздің дін саласына ғана емес, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан бірегей тұлға еді. Тарихта аты қалған игі жақсыларды қайта тірілтіп, елмен қауыштырды. Қазақстан мұсылмандарының бірлігі мен білімді болуына көп күш салды. Құрбан айттың алғашқы күнінің мемлекеттік мереке ретінде қабылдануына атсалысты. Кешеден бері Әбсаттар қажының әулеті мен өзі он жылдан астам уақыт басқарған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жан-жақтан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек, алыс-жақын шетелдердегі Діни басқармалардың бас мүфтилері қайғымызға ортақтасып, көңіл айтуда. Тіпті Әбсаттар ағамыз ауруханаға түсті дегенде күллі Қазақ елі алақанын жайып, Алладан шипа тіледі. Мінеки, Хаққа да, халыққа да қызмет еткен тұлғаның қандай абыройлы, жақсы азамат болғаны осыдан-ақ белгілі. Ағамыздың отбасы мен ағайын-туысына көркем сабыр, жеңілдік тілеймін. Рухыңыз шат, барар мекеніңіз жәннат болғай!, - деді Бас мүфти.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.