Қызылордада жұмыс орнына жалған еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған

2 837

Фото: Kzl.sud.kzҚызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сотталушы О. арақ ішкен мас күйінде автокөлігін басқарғаны үшін полиция қызметкерлеріне ұсталып, сот қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.


Жұмыстан шығып қалмас үшін қамауда жатқан күндеріне жалған еңбекке жарамсыздығы парағын аштырып, оны жұмыс орнына табыстап, жалған еңбекке жарамсыздық күндеріне 94 451 теңге ақша алып,  пайдаланған.


Сот үкімімен сотталушы О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 61 260 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген.