Павлодар облысында ер адам жұбайын тірідей өртеп жіберді

269
"Павлодар ауданының полициясына ауылдардың бірінде ер адам әйелін өртеп жібергені туралы қоңырау шалынды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 8 тамыз күні сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын анықтады. Күйеуі мас күйінде өз көлігімен кетуге тырысқан, ал әйелі оған тыйым салған.

Арада жанжал шығып күйеуі тоңазытқыштан спирт алып, жұбайының үстіне құйған да, оттықпен жағып жіберген. Сол күні қайын атасының мерейтойында болған", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Есін жиған сәтте дереу өртті сөндіруге тырысып, әйелінің сыртқы қиімдерін шешіп, жедел жәрдем шақырған.

Аталған фактіге қатысты полиция Қазақстан Республикасы ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.