Ұлықбек Есдәулетті шығармашылық кеші өтті

2 425

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіАймақта "Өнер орталығында" көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің "Сыр мен жыр" атты шығармашылық кеші өтті. Кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым тамашалады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақынның шығармашылығына, бүгінгі кештің рухани маңыздылығына тоқталды.

"Биыл наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Сізді Сыр төріндегі шығармашылық кешіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламыңыздан қуат кетпесін! Шабытыңыз шарықтай бергей! Деніңізге саулық, отбасыңызға құт-береке, амандық тілеймін!", – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Ақын Шәкизада Әбдікәрімов және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс ақынға жылы лебіздерін білдірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.