Нұрлыбек Нәлібаев су жағдайы мен алдағы жоспарларды талқылады

2 438

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіБүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесті. Басқосуда өңірдегі су жағдайы мен алдағы жоспарлар талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы суға қатысты күрделі мәселені шешу жолында тиісті шаралар қабылданғанын айтып, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Өзіңізге белгілі, облысымыздың экономикалық-экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің деңгейіне тікелей байланысты.

Соңғы жылдардағы су тапшылығының қиындығын Сыр диқандары ерекше сезінуде. Биыл өңірдегі вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтуде. Егінге қажетті су көлеміне сұраныс ең жоғары деңгейіне жетті.

Бүгінде алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз етуге бөлінген 3 млрд. 900 млн. текше метр су лимитінің облысқа 3 млрд. текше метрі каналдармен алынды (лимиттен 0,9 млрд. текше метрге кем).

Вегетациялық кезеңді нәтижелі аяқтау үшін алдағы уақытта 0,9 млрд. текше метр су қажет», – деді Н.Нәлібаев.

Биыл облыс бойынша 189 600 гектар жерге егін егілді. Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімін екі есе арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес күрiш 80 900 гектарға себілген.

Нұржан Нұржігітов су тапшылығына қатысты мәселені шешуде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Суды тиімді пайдалану тәжірибесін қолданып, заманауи әдістерге көшудің маңызы туралы айтты.

Су ресурстары және ирригация министрі Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Жаңақорған ауданы Көктөбе ауылындағы жаңадан қазылған каналға су тоспасы салынатын орынға барып, шаруашылықтардың күріш алқаптарының жай-күйімен танысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.