Қазалы ауданында білім саласының сапасы мен қауіпсіздігі назарда

1 566

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі бірнеше білім ошақтарына барып, мектептердің жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, М.Матаев атындағы №170, Жанқожа батыр атындағы №70 және №266 мектептері араланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аудан басшысы мектептерді аралау барысында бірінші кезекте оқушылардың оқу және демалыс жағдайына мән берді. Асханалар мен спорт залдарының жағдайын тексеріп, сынып бөлмелерінің қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін қадағалады. Мектеп директорларына балаларға дайындалатын тамақтың сапасы мен күнделікті мәзіріне, асхананың жалпы санитарлық талаптарға сәйкестігіне ерекше көңіл бөлу керектігін тапсырды. Аудан басшысы оқушылармен тілдесіп, оларға сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіСондай-ақ, мектеп ауласындағы тазалыққа ерекше назар аударылды. Аудан әкімі қураған шөптер мен жапырақтардан мектеп ауласын тазарту, кейбір ескірген немесе бүлінген қоршауларды сырлау жұмыстарын жүргізуді, мектеп әжетханаларының барлық санитарлық талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл шаралар білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін арттырып, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Аралау барысында аудан басшысы мектеп директорларына сыныптарды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың оқу процесіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, білім ошақтарының аумақтарын күтімде ұстау жұмыстарын үздіксіз бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл әрекеттердің барлығы аудан мектептерінде білім сапасын арттыруға, балалардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына бағытталғанын атап өту қажет.

Аудан әкімінің білім саласына деген тұрақты назары мен бақылауы – Қазалыдағы білім ошақтарының сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз етудің негізгі кепілі болып отыр.