Оралда өздігінен ауруханадан кетіп қалған ер адам іздестірілуде

302

Фото: polisia.kzОралда 65 жастағы Анатолий Максинге іздеу салынды. Коронавирус инфекциясын жұқтырған азамат медицина мекемесінен шығып, жоғалып кеткен.

Полицияның дерегінше, зейнеткер көпсалалы ауруханада 26 науыздан 1 сәуірге дейін болған. 

"Ем қабылдап жатқан азамат белгісіз себептермен медицина мекемесінен кетіп қалған. Ол әйелі мен ұлымен бірге тұрады. Бірақ өз үйіне бармапты", - дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі. 

Құқыққорғаушылар мен еріктілер жоғалған азамат жайлы ақпарат таратқан. 

Оның бойы - 160-165 сантиметр. Шашы ақ, сақалы бар. Қой көзді, қыр мұрынды. Қара спорттық шалбар мен қара свитер, көк жейде мен үйде киетін аяқ киім киген. Қолында сары пакеті бар. 

Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың айтуынша, компьютерлік томография пациент өкпесінің 50 пайызы зақымданғанын көрсеткен. Ол вирусқа, бактерияға қарсы препараттар мен антикоагулянттар қабылдап жүрген екен. Өзін адекватты ұстаған. Алайда, тексеріс барысында өз орнында болмаған.

Анатолий Максиннің мекенжайын білетін жандар болса, 102 немесе 8 777 184 04 90 нөміріне хабарласа алады. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.