Облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті

2 531

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Онда білім басқармасы басшысының орынбасары кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған жол картасының орындалуы туралы баяндады.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өзі басқаратын салада экстремизм мен терроризмнің алдын алудың жол картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басқарма бастығы Бахыт Наурызбаев діни экстремизм мен терроризм профилактикасының тиімділігін арттыру шараларын атап өтті.

Данияр Еренғалиұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндет жүктеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.