Қызылорда облысында «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілуде

1 505

Қызылорда облысында «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларға қатысты қылмыстардың профилактикасын күшейту, кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 15–20 тамыз аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның алғашқы үш күнінің қорытындысы бойынша барлығы 259 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 23 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 215 кәмелетке толмағанға қатысты олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар бөлімшелерімен бірлесіп, терезеден құлау және су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған 30-ға жуық рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Профилактикалық іс-шара аясындағы жұмыстар 20 тамызға дейін жалғасады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.