Қызылордалық креаторлар Астанада 12,1 млн теңгенің өнімін сатты

1 508

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі12-13 қыркүйекте Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Екі күнде жәрмеңкеге 4,9 мыңға жуық адам келіп, өңір креаторлары 12,1 млн теңгенің өнімін сатқан.

Жәрмеңкеде креативті индустрияның 21 бағыты бойынша өнімдер мен жобалар ұсынылды. Ұлттық музыкалық аспаптар, кілемдер мен картиналарға сұраныс жоғары болды. Сондай-ақ зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған бұйымдар және басқа да авторлық өнімдер сатылған.

Келушілерге Qyzylorda Hub цифрлық әзірлемелері мен заманауи медиа жобалар таныстырылған. Сонымен қатар ұлттық нақыш пен заманауи дизайнды үйлестірген Syr Style Collection сән топтамасының көрсетілімі өткен.

Бағдарлама аясында қолөнер бойынша шеберлік сабақтары, концерттер мен сән көрсетілімдері ұйымдастырылған.

Жәрмеңке Қызылорда облысының шығармашылық әлеуетін таныстырып, жергілікті шеберлер мен дизайнерлердің өнімдерін және өңірлік брендтерді ілгерілетуге мүмкіндік берген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.