Министр Арал теңізінің маңына сексеуіл отырғызу жұмысына түсінік берді

2 583

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/KazinformЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жұмыстарына түсінік берді - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі .


"Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанның үлесіне Арал теңізінің құрғаған түбінің 2,8 млн гектары тиесілі. Арал теңізінің экологиялық апатының кері әсерін азайтудың ең қолайлы жолы – құрғаған түбіне орман өсіру, сол арқылы борпылдақ тұздың бетін бекітіп, құмның жылжуына тосқауыл қойылады. Ел тәуелсіздігінің басынан 2020 жылға дейін Арал теңізінің құрғаған түбінде 195 мың гектар аумақта өсімдік отырғызу жұмыстары жүргізілді. Табиғи жолмен өскен ағаштарды қосқанда, жалпы орман алқабы 337 мың гектарды құрады. 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,1 млн гектар алқапқа сексеуіл егу жұмыстарын бастадық.", - деді Е. Нысанбаев орнықты дамуы саласындағы міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, кейінгі 4 жылда Аралдың құрғаған түбінде, яғни 475 мың га алқапта ағаш отырғу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар 197 мың гектар аумаққа орманның табиғи өсуіне ықпал жасау жұмыстары атқарылды. Осы орайда жалпы 672 мың га алқап қамтылды. Арал теңізінің құрғаған алқабын сапалы көшеттермен қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік банк жобасы аясында былтыр Қазалы қаласында жылына 3 млн сексеуіл көшетін өсіретін 33 гектар аумақта орман тәлімбағы пайдалануға берілді.