Қызылордада қызы әкесін сотқа берді

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысында қызы алимент төлемейтін әкесін сотқа беріп, одан 21 жасқа толғанша алимент төлеп тұруын талап етті. Қос тарап өзара келісімге келді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Н.-ның  жауапкер Ж-.дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

"Талап қоюшы өзінің талап қоюында жауапкер Ж. әкесі екенін, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін жауапкерден 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.Тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндіру нәтижесінде,  тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келгенін көрсетіп, келісімді бекітуді сұраған", - делінген хабарламада.

Келісім шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелген.️

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.