«АЛТЫН КҮЗ – 2026» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

1 511

Бүгін орталық стадионда «Алтын күз – 2026» ауыл спортшыларының ХХХІХ облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Ерлан Төрәлиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қатысып, спортшыларды дүбірлі доданың басталуымен құттықтады.

Аудан әкімі Ерлан Төрәлиев өз сөзінде облыстық спартакиаданың Жалағаш ауданында өтуі өңір үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Спорттық шара ауыл спортын дамытуға, бұқаралық спортты насихаттауға және аудандар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретінін жеткізді. Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорт ардагері Сұлтан Бекжанов спортшыларға ақ батасын берді. Салтанатты рәсім барысында спартакиада алауын аудан спортшылары жақты.

Ашылу салтанаты мерекелік концертке ұласты. Кеш қонақтары, жерлесіміз, белгілі әнші Мыңбай мен Руслан Табын сахна төрінде көпшілікке кеңінен танылған хит әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, «Алтын күз – 2026» облыстық спартакиадасы аясында 16 спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылып, 7 ауданнан келген 1500 спортшы бақ сынауда.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.