Иманбектің әкесіне медаль табысталды

388

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақсу горнизоныАқсу горнизонының басшылығы Наурыз мейрамы қарсаңында азаматтық қорғаныс саласының ардагері Марат Сүлейменовке құрмет көрсетті. Оған департаменттің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесінің атынан I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі табысталды.

Ведомство мәліметінше, Grammy иегері Иманбек Зейкеновтың әкесі – Марат Зейкенұлы Сүлейменов көптен бері төтенше жағдайлар саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі қызметі - "Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайдар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі" мемлекеттік мекемесінде аға прапорщик. 

Осы мекемеде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап істейді. Осы уақыт ішінде №11 өрт сөндіру қызметінде көлік жүргізушісі, одан кейін аға жүргізуші болған. Мінсіз қызметі үшін бірнеше рет ведомстволық медальмен марапатталған. 

Осы жолы да әріптестері Марат Зейкенұлына азаматтық қорғаныс саласына сіңірген еңбегін бағалап, тағы бір медаль тапсырды. Өзіне мықты денсаулық, ал ұлына шығармашылық табыс тіледі. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.