Қытайда 200 қазақ су тазарту және ластанудың алдын алу бойынша білім алады

2 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Су ресурстары және ирригация министрлігіҚазақстандық су шаруашылығы саласы мамандарының алғашқы легі біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін Қытайға аттанды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

 Оқу бағдарламасы «Қазсушар» РМК мен Power China International Group Limited компаниясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.      

Министрлік мәліметінше, оқу Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Барлық шығынды Қытай тарапы өз мойнына алған. Курстың негізгі тақырыбы – «Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану және су ортасының ластануымен күрес». Алғашқы топ құрамында 34 маман бар. Жалпы жыл соңына дейін Қытайда шамамен 200 қазақстандық маман оқудан өтеді деп жоспарланған.

Бағдарлама аясында су ресурстарын басқару, ластануының алдын алу және бақылау, ағын суды тазарту мен қайта пайдалану технологиялары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыс саласында заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану бойынша дәрістер өткізу жоспарланған.  Мамандар Қытайдың су шаруашылығы және қалалық инфрақұрылым саласындағы тәжірибесін зерделеу үшін Чанша, Шэньчжэнь және Гуанчжоу қалаларына барады, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.