Қытайда 200 қазақ су тазарту және ластанудың алдын алу бойынша білім алады
Қазақстандық су шаруашылығы саласы мамандарының алғашқы легі біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін Қытайға аттанды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оқу бағдарламасы «Қазсушар» РМК мен Power China International Group Limited компаниясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр. ![]()
Министрлік мәліметінше, оқу Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Барлық шығынды Қытай тарапы өз мойнына алған. Курстың негізгі тақырыбы – «Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану және су ортасының ластануымен күрес». Алғашқы топ құрамында 34 маман бар. Жалпы жыл соңына дейін Қытайда шамамен 200 қазақстандық маман оқудан өтеді деп жоспарланған.







