Фастфуд жеген балалар ауруханадан бірақ шықты

2 512

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАстана тұрғыны баласы Bahandi фастфуд желісінде тамақтанғаннан кейін бірнеше сағаттан соң денесінде аллергиялық реакция пайда болғанын айтты. Әйелдің сөзінше, ауруханаға дәл осындай белгілермен тағы бір бала түскен, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Болған жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында жазған әйел баланың денесінде күлдіреуіштер пайда болғанын, оның қатты қышығанын айтты.

“Күлдіреуіштер денесінде аз уақытта қаптап кетті. Аллергияға қарсы дәрі көмектеспеген соң, жедел жәрдем шақырдым. Балаға преднизолон екпесін салды. Дәрігерлер кез келген сәтте Квинке ісінуі пайда болуы мүмкін екенін, сондай-ақ бауырдың улану қаупі барын ескертті”, – дейді баланың анасы.

Алайда ертеңгі күні аталған белгілер қайта пайда болып, бала ауруханаға жатқызылған. 

Анасының айтуынша, бала бургер мен картоп фриін жеген. 

Сондай-ақ Астана тұрғыны баласынан байқалған ауру белгілерімен ауруханаға тағы бір бала келіп түскенін айтып қалды. Оның сөзінше, екінші науқас та Bahandi фастфуд желісін тамақтанған. 

“Баламның денесінде күн сайын қызарып, күлдіреуіштер пайда болады. Аллергенді ағзадан шығару өте қиын, белгілері қайта-қайта байқалады. Балам ауруханада жатыр! Бұған кім жауап береді”, – дейді баланың анасы.

Желі қолданушыларының бірі баланың тамағына бас-көз бола алмадың деп анасын кінәласа, енді бірі баланың әлденеге аллергиясы бар болуы мүмкін екенін ескертіп жатты.

Компания не деп жауап берді?

Компания шағымды қабылдап, оған жауап берген. Кейін клиентпен телефон арқылы сөйлескен.

Болған жағдайдан кейін Bahandi ішкі тексеру жүргізген.

“Мамандар тағамдарды дайындау барысын, өнімдерді сақтау шарттары мен ингредиенттердің жарамдылық мерзімін, сондай-ақ тапсырыс қабылданған сәттен бастап дайын тағам клиентке берілгенге дейінгі бейнежазбаларды тексерді. Тексеру нәтижесінде тағам дайындау технологиясы, температуралық режим мен санитарлық талаптар бойынша заңбұзушылық анықталмады. Сондай-ақ аталған кезеңде осындай белгілерге қатысты басқа шағымдар түспеген”, – деп мәлімдеді компания Tengrinews.kz басылымына берген жауапта.

Сондай-ақ қазір ресми жауапта аллергиялық реакцияға аталған компанияның өнімдері себеп болғанын растайтын деректер жоқ екенн атап өтті. Жағдайды объективті бағалау үшін медициналық қорытындыларды, тексеру нәтижелерін және қажет болған жағдайда тиісті зертханалық зерттеулерді ескеру маңызды екенін мәлімдеді компания өкілдері.

Компания медициналық құжаттарды зерделеуге және жағдайдың мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыруға дайын. Bahandi болған жағдайдың себептері туралы асығыс қорытынды жасамай, объективті деректер мен тексеру нәтижелеріне сүйену керек деп санайды. 

Балалардың қазіргі жағдай қалай?

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі науқастан аллергиялық реакция анықталған. Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайлары тұрақталып, оңалып келе жатқанын хабарлады басқарма.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.