«Министрдің өзі шақырды»: Ринат Зайыт жаңа жұмысы туралы мәлімдеді

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: bairaqmedia.kzАйтыскер ақын, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа жұмысқа келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Экс-депутат Ринат Зайыт Қорғаныс министрлігіне жұмысқа орналасқанын айтты

Бұл туралы ол YouTube желісіндегі Adal ADAM арнасына берген сұхбатында айтқан. Ринат Зайыттың сөзінше, жаңа Қорғаныс министрінің шақыруымен қазан айының басында аталған орталыққа келген.

«Қазанның басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Бұл орталық әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты», – деді ол.

Бұрынғы депутат жаңа жұмыс орнының қызметіне де тоқталды. Оның айтуынша, орталық әскери-патриоттық бағыттағы мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен, сондай-ақ әскери шығармашылық ұжымдардың жұмысымен айналысады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.