"Бұдан кейін концерт бермеймін-ау": Роза Әлқожа ұйымдастырушыларға ашуланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал әнші Роза Әлқожа Шымкентте өткен жеке ән кешінен бір тиын пайда көрмегенін айтып, ұйымдастырушыларға ашуланған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір әнші Қытайдың Гуанчжоу қаласында жүр. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көңіліндегі өкпесін жеткізді. Оның айтуынша, Шымкентте өткен концертінен табыс түспегеніне ұйымдастырушылар жауапты.
Әншінің айтуынша, концертті жүргізіп, халықтың алдында өнер көрсететін – ол, алайда пайдасын көретін – ұйымдастырушылар. Өнер иесі осындай жағдайлардан кейін концерт бергісі келмейтінін де айтты.
Қаз
Рус






