"Нұртас маған сенсең, құдайға сенің көмегің керек емес"
Баян Алагөзова гомосексуалдарды қолдап, Нұртас Адамбайға қарсы шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. Нұртас, саған деген құрметімді былай қойғанда, өз көзқарасыңды елге насихаттауды қойшы! Сен өте танымал, білімді, талантты адамсың. Маған сенсең, Құдайға сенің көмегің керек емес. Онымен арадағы байланыс – тек екеудің ісі. Ол кино емес, жарнама емес, ойын-сауық емес. Ол – құпия дүние. Менің түсінгенім бойынша, енді біздің не көретінімізді сен шешесің бе? Онда алда шығатын америкалық және еуропалық фильмдердің барлығында дәстүрлі емес контент болатынын ескерейік. "Келинка Сабина" фильмінде де ол бар. Оған тыйым салуды ұсынамын. Ақымақтық емес пе?," – деп жазды Мақсатқызы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев "Базз Лайтер" мультфильмінің Қазақстан аумағында көрсетілмейтінін мәлімдеді. Ал оған дейін продюсер, режиссер Нұртас Адамбай “Базз Лайтер” мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді.







