Айжұлдыз Адайбекова күйеуінен ажырасқанын мәлімдеді

532

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал актриса әрі әнші Жанар Айжанованың қызы жеке өміріне қатысты бар шындықты ақтарды. Жақында ғана ана атанған жас дизайнер жолдасынан ажырасып кеткенін мәлімдеді. Ол өзінің мұндай шешіміне не себеп болғанын да айтып берді.


Айжұлдыз Адайбекова отбасылық өмірі туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол көпшілік алдында сүйіктісі Қыран Талапбекпен жолдары екіге айырылғанын мойындап, айырылысуына не себеп болғанын нақты айтты.


 "Тоғыз ай бойы токсикоз болдым. Қауіп жоғары еді. Тоғызыншы айда екі ота жасаттым. Бұл қиын жол болды. Бірақ мен сен үшін бәріне төздім. Бұл әлемге қош келдің, менің кішкентай Назарым. 


Осы уақытқа дейін “Қыран қайда?” деген сұрақты жиі қойдыңыздар. Біз әлдеқашан ажырасып кеткенбіз. Жеке өмірімді көпшілік алдына салып, талқылауды қаламаймын. Мен құрбан емеспін. Бір нәрсені айта кетейін. Мені де келін-ене тақырыбы айналып өтпеді. Осымен бәрі түсінікті болған шығар деп ойлаймын. Өткен өміріме ризамын. Мұнымен тоқтамаймын", - деп жазды Адайбекова. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.