"Ұлты қазақтар тек қазақ мектебіне барып, ата-бабалар әруағын сыйласа": Жазира Байырбекова
512
Әнші Жазира Байырбекова ана тілінде сөйлей алмайтын қазақтарға қатысты әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жазираның айтуынша, оның анасы да орыс тілінде сөйлейтін қазақ қызы болған екен. Алайда кейін тұрмысқа шығып, қазақ тілін меңгеріп алған.
"Орыс тілді қазақтарды кіналамаймын. Менің анам да Алматының орыс тілді қызы болып, әкеме тұрмысқа шыққан соң таза қазақ болған. Ана тілімізді дамыта алмай,өз тілін үйрене алмай,қиналып жүргендерге біздің (халықтың) пікіріміз ескерілсе айтып көрейін. Ұлты қазақ балаларды тек қазақ балабақшасы мен қазақ мектептері қабылдайтын заң шықса ата-аналар ата-бабаларының әруағын сыйлап көнетін шығар. Ал өзге тілдерді қосымша үйренсе нұр үстіне нұр әрине. Бүгінге дейінгілерді кіналамаймыз. Бірақ, болашаққа алаңдаймыз", - деді өнер иесі Instagram парақшасында.