Қамаудағы Төреғалидің концерті өтпейтін болды

1 388

Әнші Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметі растады.


"7 шілдеде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Кеше, 22 маусымда концертті ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Демек бұл концерт біздің залда өтпейді", - деп хабарлады филармонияның баспасөз қызметі.


Бұған дейін Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық кодекстің 308-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.