"Дымымды шығармай шыдадым": Мамасарипова бопсалаудың құрбаны болғанын айтты
Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова өткен жылды қорытындылап, басынан өткен жағдайды баяндады. 2023 жыл кинопродюсер үшін аса табысты болғанымен, өмірінде жайсыз жайттар да орын алған екен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мамасарипова өткен жылы басынан өткен қиын жағдай туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Продюсер 2023 жылы бірқатар актермен өзара келіспей қалғанын ашып айтты. Сөзінше, олар "басына мініп, абьюзерлік әрекет" жасаған. Сонымен қатар Гүлнұр Мамасарипова өткен жылы бопсалаудың құрбаны болғанын жеткізді. Кинопродюсер бұл жайында ешкімге тіс жармай, өзі шыдап келген.