Толқын Забирова өзінен 14 жас үлкен күйеуімен қалай танысқанын айтты

2 589

Фото: "Алғашқы" бағдарламасыҚазақстандық танымал әнші Толқын Забирова жастық шағы туралы сыр шертіп, жолдасы Сафар Бабаевпен қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі сүйіктісін бастапқыда үлкен кісідей көргенін жасырмады. Ерлі-зайыптының жас айырмашылығы - 14 жыл, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Толқын Забирова күйеуімен жұмыс бабы бойынша танысқан. Сафар Бабаев оны "Тамаша" театрының гастрольдік сапарына шақырып, артынан оған ғашық болып қалған. 

Әнші бастапқыда өзінен 14 жас үлкен азаматпен қарым-қатынас құруға ыңғайсызданғанын айтты. 

"Ол менің бағыма келген азамат деп ойлаймын. Өйткені әр нәрсенің өз жолы болады. Ол кезде "Тамаша" деген бағдарламаның айқайлап тұрған кезі еді. Мен 24 жастамын. Сол уақытта "Тамаша" бір гастрольге бармақ болады. Оны менің жолдасым ұйымдастырады. Әртістер бар, әншілер жоқ. Сомен әншілерді іздеп жүріп, маған тап болады. Досы оған Бақыт Шадаева мен менің нөмірімді береді екен. Бақытқа хабарласса ол біреумен сөйлесіп жатыр екен. Ал менің телефоным бос болды. Мен тұрған үйде кешкі сағат оннан кейін ешкім ешкіммен телефон арқылы сөйлеспейді. Ал Сафар маған түнгі 11:30-да қоңырау шалды. 

Ол хабарласқанда қатты таңғалдым. Өйткені ол әртістер үшін аңызға айналған адам болды. Аты шыққан жұлдыздармен жұмыс істеді. Оны сырттан жақсы танитынмын. Оның ұсынысын қуана қабылдадым. Ол кезде қарыздарым бар еді. Өнер көрсетсем гонорар түсіп, қарыздарымнан құтыламын деп ойладым. Ертесіне таңғы жетіде алып кетті. Сол сапарда маған көзі түсіпті. Екеумізге ұшаққа билет жетпей қалды. Мені мейрамханаға шақырды. Мен қатты ұялып қалдым. Мен оны үлкен кісідей көрдім. Арамыз 14 жыл болды", - деді Забирова "Мамский әңгіме" бағдарламасында.