Баян Мақсатқыз қыздарының түрін көрсетті

1 434

ото:  Баян Мақсатқызының жеке парақшасынанБелгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) алғаш рет кіші қыздары – Алиса мен Алманың жүзін ашық көрсетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Ол балалардың суретін Instagram парақшасында жариялап, жазбасын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнаған. 

"Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстыруды жөн көрдім", – деп жазды продюсер. Жазба желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшілік продюсердің бұл қадамын жылы қабылдап, сәбилерге ақжарма тілектерін жаудырды. Пікірлер арасында: "Қандай әдемі қыздар", "Бүгін ерекше күн екен", "Сары қызы Баянның өзінен аумайды", "Оң жақтағысы анасына ұқсайды, сол жақтағысы әкесінің көшірмесі", "Қуыршақтай әдемі", – деген сияқты жылы лебіздер көптеп кездеседі. 




 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.