"Құны – 100 миллион теңге": Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне алған қос көлікті көрсетті

2 151

Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserikТанымал әнші Серік Ибрагимов өзі мен әйеліне алған көлікті көрсетіп, көрімдік сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Өнер иесі жеке парақшасында видео бөлісіп, су жаңа көліктерінің маркасын да жасырмады. 


“Біздің жаңа темір тұлпарларымыз. Баршаңызға жұғысты болсын! Көрімдік жіберемін дейтін ойыңыз болса, Айнамкөзге жіберіңіз”, – деп жазды әнші. 


Алайда өнер иесі ешкімнің көрімдік аудармағанын айтып, ренішін жеткізді. 


“Бір де бір адам көрімдік бермеді. Осы адамдар қызық?! Жұғысты болу үшін көрімдік беру керек емес пе?! Біз болсақ барымызды береміз. Мынау майды ішеді екен. Машинамның маркасы анық көрініп тұр. Құны – 100 миллион теңге”, – деді өнер жұлдызы. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.