"Қазақ аруы - 2025" байқауының жеңімпазы белгілі болды

2 605

Фото: видеодан скриншотКеше Алматыда өткен "Қазақ аруы – 2025" ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Байқаудың жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Дауыс беру нәтижелері жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Финалдың қорытындысы бойынша Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс жинап, басты бәсекелесінің бірі Диана Қырымды (13 160 дауыс) екі есеге жуық басып озды. Үздік үштікті Дариға Рахым (11 045 дауыс) түйіндеді.

Дәрия – жас кәсіпкер, дизайнер. Жоба ұйымдастырушылары оның ұлттық өнер мен дәстүрлі ою-өрнектерден шабыт алатынын атап өтті. Ол осы өнер арқылы "қазақ мәдениетінің рухын жеткізуді" мақсат етеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.