Димаш Құдайберген Әзірбайжан халқына көңіл айтты

2 690

Фото: ТЖМДимаш Құдайберген әлеуметтік желіде Ақтау маңында болған  ұшақ апаты жайлы жазба жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Димаш қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жазды.

«Әзірбайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді ол.

Әнші оқиға орнынан табылған құтқарушыларға, дәрігерлерге, жергілікті тұрғындарға алғысын айтты. 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.