Қайрат Әділгерей кешірім сұрау үшін күйші Құрманғазының басына барды
2 512
Күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы теріс пікір айтып, басы дауға қалған актер Қайрат Әділгерей тарихи тұлғаның басына зиярат етіп барды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі арнайы Алматыдан ат терлетіп Астрахан облысының Алтынжар елді мекеніне барғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видеоны жариялаған.
Ол сондай-ақ күйшінің мазарында құран бағыштап, құрбандық шалғанын атап өткен.
“Менің артымда Құрманғазы бабамыздың кесенесі. Осы тұста тарихи атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін бүкіл қазақ жұртшылығынан және Құрманғазы бабамыздың ұрпағынан кешірім сұраймын. Атамыздың басына келіп құран бағыштадық, арнайы мал сойып, зиярат етіп келдік” – деп жазды ол.







