Алматыда Пресняковтың концертінде әйел сахнаға шығып, хиджабын шешіп тастады

2 504

Фото: ©Видеодан скринАлматыда ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концертіне келген әйел сахнаға шығып, хиджабын шешкен. Кейін әртісті құшақтап, сүймек болған көрерменнің әрекеті желіде қызу талқыланды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 қарашада өткен концерт кезінде болған. Әлеуметтік желіге тараған видеода орамал таққан әйелдің сахнаға көтеріліп, әншінің жанында билегені көрінеді. Ол Пресняковты құшақтап, сүймек болып ұмтылған. Би билеп жүріп басындағы орамалын да шешкен.

Көрерменнің бұл әрекетіне қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оны сынап, орамал таққан әйелге мұндай қылық жараспайтынын жазды.Ал енді бірі әйелді қолдап, сүйікті әншісін көргендегі қуанышын түсінетінін жеткізді. Сонымен қатар әртістің көрерменге жылы қарым-қатынас танытқанын атап өтті.

“Әйел жарады!”, “Владимир маған қатты ұнайды. Өте ақкөңіл, мейірімді әнші”, “Бұл әйел үшін қуанып отырмын. Арманын орындады”,  деп жазды желі қолданушылары.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.