Ғазизхан Шекербеков өздігінен жүре алмайтын келіншекке 10 млн теңге тарту етті

610
Отандық әнші Ғазизхан Шекербеков 1-топтағы мүгедектігі бар мұқтаж келіншекке көмек көрсетті. Ол жалғызбасты анаға ақшалай қаражат табыстап, отбасының қарызын жауып берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бірер күн бұрын әнші журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, сұхбат барысында ол бірнеше мұқтаж отбасыларға көмек қолын созуға уәде берген еді. Ол елдегі әділетсіздіктерге күйініп, бірқатар мәселелер туралы ашық әңгіме қозғаған-ды. Араға санаулы күн салып, Ғазизған Шекербеков уәдесін орындап, 10 млн теңгесін әйелге табыстаған. Бұл туралы Нұрсейіт Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Бүкіл қарызын төлеп беретін Ғазизханға ырза болдым! Естеріңізде болса "Жұртым жұтамасын" бағдарламасында Гүлдана ханымды көрсеткен едім. Қуықтай бөлмені паналап отырған қара көзіміз өздігінен жүре алмайды. Осы күнге дейін талай қиындықты басынан кешіріп, көптеген жұлдыздардан да көмек сұрапты. Алайда еш нәтиже болмаса керек.

Достар, Алла Тағаланың қалауымен Ғазизхан бауырымыз 10 миллион теңге беруге бел буыпты. Міне азамат, миллиондаған отандастарымызға үлгі болдың, Ғазеке!", - деп жазды ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.