Блогер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасының тең иесі болғанын мойындады
410
Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасына қашан келгенін, жалпы, осы іске қатысты өз позициясын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қаржы пирамидасы 2020 жылдың мамырында құрылған, ал, Мейіржан ақшасын қыркүйекте салған. Яғни, Төребаев пирамида құрылған кезде, оған мүлде қатысы болмағанын айтады. Солай бола тұра, Төребаев кейін ЖШС-ның қатысушысы атанғанын растап отыр.
Бұл ұсынысты қабыл алған ол 2020 жылдың қарашасында ұйымның мүшесі болған. Бұған компанияның ішкі хаттамасы дәлел бола алады. Алайда, Төребаевтың өзі қайта-қайта айтып отырғандай, ол компанияның ақшасын басқаруға мүлде қатыспаған.
Яғни, Төребаев өзін жәбірленушімін деп отыр. Бұл сөзінің дәлелі ретінде ол компания шотына аударған 10 млн теңге қаражаттың чегін суретке түсіріп, ұсынған.
Ол жердің өз директоры, басқарма төрағасы, штаттағы қызметкерлері болды. Мен ол жерде жұмыс істеген жоқпын! Менің өз бизнесім бар, қаржы туралы түсінігім аз болған соң, сеніп, алдандым,— дейді блогер.
Оның айтуынша, қаржы пирамидасы 2020 жылдың мамырында құрылған, ал, Мейіржан ақшасын қыркүйекте салған. Яғни, Төребаев пирамида құрылған кезде, оған мүлде қатысы болмағанын айтады. Солай бола тұра, Төребаев кейін ЖШС-ның қатысушысы атанғанын растап отыр.
Мен бұдан да артық ақша салғым келген соң, маған ЖШС-ның қатысушысы болыңыз деген ұсыныс айтты,— дейді Мейіржан Төребаев.
Бұл ұсынысты қабыл алған ол 2020 жылдың қарашасында ұйымның мүшесі болған. Бұған компанияның ішкі хаттамасы дәлел бола алады. Алайда, Төребаевтың өзі қайта-қайта айтып отырғандай, ол компанияның ақшасын басқаруға мүлде қатыспаған.
Яғни, Төребаев өзін жәбірленушімін деп отыр. Бұл сөзінің дәлелі ретінде ол компания шотына аударған 10 млн теңге қаражаттың чегін суретке түсіріп, ұсынған.
Егер қаржы пирамидасы екенін білсем, ақша салар ма едім. Бұл ақылға қонымсыз дүние ғой,— дейді блогер.