Мадина Сәдуақасова ерекше қасиетімен бөлісті

523
Қазақстандық шоу-бизнестің танымал әншісі Мадина Сәдуақасова әншіліктен бөлек бойында керемет қасиеті бар екенін баяндап берді. Өнер иесі өзінің жанында жұмыс істейтін адамдардың жолын ашып беретін болып шықты. 
Әнші Мадина өзіне қатысты бұрын-соңды айтылмаған тың мәліметті Instagram парақшасында толығымен бөлісті. Әншінің айтуынша, осыған дейін қасында көмекші болып жұмыс істеген жандардың барлығы жақсы қызметтерге шақырту алған. 
"Неге осы Мадина Садуакасова көмекшілерін жиі ауыстырады?! Өйткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты. Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Шаймерденұлы Роза Рымбаеваға директор қызметіне ауысса , Сәкен Тоқтағұлов қазір продюсер, Саида болса дизайнер болып, Айгерім Қайнарбек өз бизнесін ашып, жұмыс жасауда. 
Ал осыдан 4 ай бұрын келген Айдана креативты директор болып басқа жұмысқа шақыр             ту алды. Енді, одан кейін маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен" , - деп жазды өнер иесі.