Қызылордада ән салған Ерке Есмахан жаңа әнінің сөзін ұмытып қалды
Құрылысшылар күніне орай Қызылордада ән салған танымал әнші Ерке Есмахан қалың көпшіліктің ортасында қысылып, тапталып қала жаздады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кеше Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Ерке Есмахан сынды бірқатар эстрада жұлдыздары Қызылорда халқына арнап тегін концерт қойды. Алдын ала болжам бойынша, кешке 40 мың адам келген. Жанды дауыста өткен концерт кезінде халық ән тыңдап қана қоймай, әншілермен суретке де түсіп үлгерді. Алайда бұл жағдай Ерке Есмаханға кедергі келтірді.
Қаумалаған халықтың ортасында қалған ол әнінің сөзін ұмытып, құлап қала жаздады.