Қызылордада мүгедек қызды құда баласы зорлаған

573
Қызылорда қаласында есту-сөйлеу қабілетінен айырылған 27 жастағы Ақжібек Оразхан өзін құда баласы зорлағанын айтып отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Оқиғаның қалай болғанын Ақжібектің өзі мен анасы түсіндіріп берді. Бойжеткен түн ішінде үйінен әжетханаға бару үшін шығыпты. Сол кезде есігінің алдына бір көліктің келіп тұрғанын көрген. Қыз жақындай бергенде, ішінен бір азамат шығып, басынан әлденемен ұрған көрінеді. Мүгедек қыз осыдан кейін болған жағдайдың кейбірі есінде жоқ екенін айтады.

Көлікке салды. Ішінде арпалыстық. Бір кезде су берді "іш" деп. Қорыққаннан іштім. Содан басым айналып кетті. Әлім болмай жатқанда, алдымнан да, артымнан да итеріп жатты. Тек азанда көзімді аштым. Көліктің ішінде тағы бір адам отырды, - деп түсіндірді зорланған Ақжібек.

Ақжібектің айтуынша, өзін зорлаған жігіт "бұл жайлы біреуге тіс жарса, бауыздап тастаймын" деп қорқытқан. Ал мұндай арам іске барған өзімнің құда балам дейді қыз. Жігіт ойына келгенін істеп болған соң қызды тек таң ата үйіне әкелген көрінеді.

Ақжібектің анасы Ғалия Үсенова бұл жағдайды таңертең білген. Мүмкіндігі шектеулі қызымды құда бала зорлады дегенді естігенде төбемнен жай түскендей болды дейді ол.

Түнімен іздедік, полицейлерге хабарласып едік, олар іздеп жатырмыз деді. Бір кезде таң атқанда келді. Барлығын айтып берді. Құда балам қызымды бұлай қорлайды деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Ол алты баласы бар жігіт қой. Не деген масқара?, - деді етегі жасқа толған анасы Ғалия.



Сол оқиғадан кейін Ақжібек қалалық ауруханада емделіп отыр. Дәрігерлер оның жыныс мүшесінен қан кетіп, миының шайқалғанын айтады.

Ал зорлады деп айыптап отырған құда баласы бұрын құзырлы органда қызмет еткен. Сондықтан ол жазадан құтылып кетуі мүмкін дейді Ақжібектің анасы.