Белгісіз біреулер сәбиді аурухана есігінің алдына тастап кеткен
201
Петропавлда тастанды сәби ауруханаға жеткізіліп, бақылауға алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде сәбиді бәзбіреулердің аурухана есігінің алдына тастап кеткені туралы ақпарат тараған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 15 қараша сағат 16:30 шамасында полиция қыз баланы ауруханаға алып келіп, тиісті акт бойынша тапсырған.
Облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілігі сәбидің заңды тағдырын анықтау үшін Петропавл қаласы білім бөлімі жанындағы қамқоршылық органға сұрау жіберді.
Сондай-ақ дәрігерлер әлеуметтік желіде баланың фотосы мен оған қатысты жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Ауруханада емделіп жатқан науқастар үшін ешқандай ақшалай және заттай көмек жинамауды сұраймыз. Баланы қажетті заттармен толық қамтамасыз етеміз. Сәбиге уақытында тамақ беріліп, күтім көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілігі.