Қызылордада жаңа автобустар пайдалануға берілді
143
Өнеркәсіпті дамыту Қорының қолдауымен қала халқын қалаішілік маршруттар бойынша тасымалдау мақсатында Қызылорда үшін автобустар сатып алу жобасы іске асырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіпті дамыту қорының хабарлауынша, қаланың орталық алаңында өткен автобустарды беру рәсімінде 39 бірлік автобус берілген.
Жақын арада тағы 61 автобус беру жоспарлануда. Осылайша, Қызылорда қаласының автобус паркі 20% - дан астам жаңартылады.
Жолаушылар автобус паркін жаңарту бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда. Жалпы, ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлері бойынша 355 автобус беріледі.
Соңғы үлгідегі кең әрі жайлы заманауи автобустар бір уақытта 55 адамды тасымалдай алады. Жаңа автобус жылдамдық шектеу, қозғалыс интервалын бақылауға арналған GPS жүйесімен жабдықталған, жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделген, экологиялық таза газбен жүреді. Аймақ басшысы салтанатты шарада жаңа қоғамдық көліктер қала тұрғындары үшін, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді етіп ыңғайластырылғандығын жеткізді.
Бүгінде қалаішілік 25 бағытқа және 8 қала маңына қатынайтын бағытқа, барлығы 636 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді. Олардың қатарын бүгін беріліп отырған №1 бағыттағы су жаңа автобустар толықтырып, халық тасымалы қызметін жандандырмақ.

"Ұсынылатын автобустарды отандық компания өндірді, кондиционерлермен, автобустардың алдыңғы және артқы алаңдарындағы тұтқалармен, бүйірлік әйнектердегі қорғаныс жолақтарымен, электрмен жылытылатын айналармен, өрт сөндіргіштермен, бес бейнебақылау камерасымен, бейнежазба жүйесімен, маршрут көрсеткіштерімен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған механикалық пандустармен жабдықталған, жолаушыларды қауіпсіз және ыңғайлы тасымалдаудың барлық талаптарына жауап береді", - деп хабарлады ведомстводан Қор.