Қызылордалық аналар мектеп жабдығына қаржы жеткізе алмай әлек

3 367
Фото: https://turkystan.kz/article/191421-mektepke-dayyndy-bazarda-y-ba-a-andayБалаларын жаңа оқу жылына дайындаған ата-аналар базар бағасына  қаржы жеткізе алмай әлек болуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаздың соңғы айы қауырт шақта базар бағасын барынша құбылтатыны рас. Бұл жыл сайын қаз-қалпында қайталанатын жағдай. Алайда, биылғы жылдың өткен жылмен салыстырғандағы бір өзгеріс базар бағасы 40 % ға дейін қымбаттаған. Қымбатшылық қалтаны қаққан сәтте баланы мектепке дайындау оңай болмай тұр.

«Биыл үкімет АӘК алушы отбасыларға мектеп жасындаға балаға берілген қаржысы мені қанағаттандырмайды. Базар у дай қымбат мен ұлымның бір костюм-шалбары үшін 17 000 теңге төлеп отырмын. Оның ақ жидесі 6000 теңге. Аяқ-киімі де удай. Үкімет берді деп құныққан саудагерлер де жетіп артылып жатыр. Қадағалайтын билік жоқ па?», -  дейді 4 баланың анасы Ырыскүл.


 Сонымен бір баланың мектепке баруы үшін қанша қаражат жұмасалады? Қарапайым отбасы үшін бұл қаншалықты тиімді? Осы орайда баланы мектепке даярлауға қанша қаражат жұмсалатынына зерттеу жасадық.

«Мен көпбалалы анамын. Алайда, 4 баламды киіндіруім үшін 380 000 қаржым кетті. Себебі бір түйір белдемше мен бір ақ көйлекпен бір жыл кимейтіні белгілі сондықтан екеуден алдық. Амал жоқ, баға көк тіреп тұр. Алмасаң балаларыңның көз жасы бар. Шарасыздықтан несие рәсімдеп қатарға қосып жатырмын»,- дейді Алтынай.

Жыл сайын қыркүйек таяғанда базар сөрелерінде мектеп формасының түр-түрі самсап тұрады. Ата-ананың қалтасын жұқартатын дүние – мектеп формасы. Қала орталығындағы бірнеше мектеп арнайы мектеп формасын талап етсе, енді бірі әрбір ата-ана қалтасының қалыңдығына қарай таңдауына мүмкіндік беруде. 
Қыз бала үшін бантик – 1500, кофта – 6000, белдемше – 5500 теңге. Классикалық аяқ киімдер орташа есеппен   8000 теңге тұрады. Спортқа арналған киім құны 10 000 теңге болса, спорттық аяқ киімді 6000-9000 теңгеге ала аласыз.
Мектепке қажетті басты «аксессуардың» бірі – сөмке. Ол да ерекше талғамды қажет етеді. Төменгі сыныптың оқушыларына көбіне ортопедиялық, яғни баланың арқасына ыңғайлы етіп жасалған сөмке  болып бөлінеді. Оқу құралдарын салатын сөмкелер де жас ерекшелігіне қарай 5000-ден бастап, 10000 теңгеге дейінгі бағада. Қыз баланың алатыны көп, дегенмен ер бала үшін де аз қаражат кетпейтіні рас. Мәселен, балалардың костюм-шалбары орташа бағамен қалтаңыздан 15 000 теңгені сұрамай-ақ суырады. 

Базардағы аяқкиім бағасы былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға қымбаттаған. Сондықтан ата-аналар бәрін аз-аздан алып жатыр. Бұрын екі тоқсанға жететін заттарды бірден алып қойса, қазір «бір айға жетсе болды, қалғанын келесі айлықтан аламыз» дейді.
Расында, базар бағасы тауар сапасына қарай асқақтап тұр. Қарапайым отбасы үшін бала басына кемінде 80-90 мың теңге кететіндігі тағы бар.
Айта кету керек, базар сатушылары АӘК алушылар үшін чек жасап береміз деп сабылып, алдарына жан салмай жүгіріп жүргені жасырын емес. Тіпті байланыс нөмерін қалдырып, әлеуметтік месенджерлер арқылы электронды түрін ертеңге әзірлеп беретіндігін де атап өткен болатын. Ал, енді бірі чектің берілмейтіндігін айтып қарсылық танытуда.