Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіруге 500 млн теңге бөлінді

295
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіруге 500 млн теңге бөлінгендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» жобасын қаржыландыруға қатысты депутаттық сұрауларыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптама рәсімінен өтті. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы ағымдағы жылдың қыркүйегінде алынды және 2022 жылғы республикалық бюджетті түзету кезінде жобаны іске асыруды бастауға 500 млн теңге сомасында қаражат бөлінді, - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.


Оның дерегінше, бөлінген қаражат есебінен бүгінгі күні орындалған жер жұмыстарының көлемі 125 624 текше метрді (топырақты қазу және тегістеу) құрайды. Сонымен қатар бөгетте 1 шақырым қашықтықта өсімдік қабаты тазартылды.

Жобаны одан әрі іске асыру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2023-2024 жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім дайындады. Ол белгіленген тәртіппен 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында қаралатын болады, - деді Әлихан Смайылов.