Көп балалы отбасыларға тиесілі 330 млн теңгені шенеуліктер қолды қылған

329
Атыраулық шенеуніктер мемлекеттің құрылысқа бөлген 330 миллион теңгесін игердік деп жалған акт толтырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

    

Атырау облысында жемқорлыққа қарсы агенттік шенеуніктер мемлекеттің құрылысқа бөлінген 330 миллион теңгесін игердік деп жалған акт толтырғанын анықтады.


Агенттік Аққыстау аулындағы 60 пәтерлі үш қабатты үйлерге бөлінген мемлекет қаражаты жымқырылуы мүмкін екенін анықтады. Құрылыс кезінде Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары жұмысты атқардық деген өтірік акт жазған, яғни тапсырыс беруші ақшасын төлеген, дегенмен үш үйдің құрылысына 330 миллион теңге кетпеген. Нысан халыққа әзірге берілмегендіктен департамент мемлекет қаражаты жымқырылмасын, мердігер компания бар міндетін толық атқарсын деп облыс басшысына хат жіберді. Әкім барлық кемшілікті жоюды бұйырды, – дейді Атырау облысындағы жемқорлыққа қарсы агенттіктің жетекшісі Ерлан Досанов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.