"Хаги Ваги" ойыншықтарын сатуға тыйым салынды
254
Зиянды болып табылған Хаги Ваги ойыншықтарын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Балалар арасында сұранысқа ие ойыншықтың бірі Хаги Вагидің сатылымы Ресей Федерациясында тыйым салынды. Мемлекеттің сапаны бақылау бойынша ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ойыншықтан бірқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталған.
Осы олқылықтар бойынша елде ойыншықты сатуға түбегейлі тыйым салынды. Зерттеу жұмыстарына қатысқан ең ірі 18 сауда дүкеніндегі сөрелерден тауар толықтай алынды.

Тауарды таңбалауда өндіруші сипаттамасы туралы ақпарат жазбаған. КО ТР 008/2011 талабына сәйкес өндіруші жапсырмаға ойыншық туралы сенімді ақпарат шығаруы керек. Себебі ата-ана ойыншықты сатып алмас бұрын: қай жас тобына арналған, қай жерде жасалған және қандай компания өндірген, материалы қандай, оған қалай дұрыс күтім жасауы керек сынды ескертепелерді жапсырмаға енгізуі керек еді. Одан бөлек ойыншықтағы фенолдың құрамы мен уыттылығы да талапқа сәкес келмейді. 30°C температурада бес мәрте жуудан кейін ойыншықтардың сыртқы түрі техникалық регламентке сәйкес келмейтіні анықталды, - делінген ақпаратта.
Осы олқылықтар бойынша елде ойыншықты сатуға түбегейлі тыйым салынды. Зерттеу жұмыстарына қатысқан ең ірі 18 сауда дүкеніндегі сөрелерден тауар толықтай алынды.