Сотталушылар түрмеге телефон кіргізу үшін оны жұтып қойған
304
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқандарға сырттан тыйым салынған зат кіргізу дерегі көбейген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, қазір түрмеден ұялы телефон, есірткі, басқа да заттар жиі табылады.
Темір тордың арғы жағына аталған заттарды алып өту үшін өмірін қатерге тігетіндер де көп көрінеді. Тіпті зат көлеміне қарамастан оны жұтып, асқазанына салып өтетін жағдай жиі кездеседі. Түрме қызметкерлері КТК телеарнасының тілшісіне осындай адам сенгісіз жағдайларды айтып берген.
Мәселен, бұрын жазасын өтеушілер көбіне араққа құмар болған. Ол кезде колонияда өндіріс ошағы жақсы дамып, спирттік ішімдіктерді жәшікке салып кіргізіпті.
Уақыт өте келе құндылық та өзгерді. Қазір колонияда бәрінен бұрын сыртқы әлеммен байланыс қажет. Сондықтан сотталғандар ебін тауып, ұялы телефон алып кіруге тырысады. Өткен жылы әртүрлі жолмен түрмеге 89 телефон жеткізілген.
Есірткі, телефон, түрлі таблетканы өткізу үшін сырттан келгендер де, іштегі жазасын өтеп жатқандар да түрлі айла ойластырады. Ондай тыйым салынған заттар тіпті зауыттан шыққан консервілерден де табылады екен.
Негізінен сотталғандарға ұялы телефон тағы да түрлі қылмысқа бару, әсіресе алаяқтық жасау үшін қажет. Өйткені туысқандарымен сөйлескісі келсе, түрмеде арнайы таксофон бар. Белгілі уақытта сөйлесуге рұқсат берілген.
Енді солтүстіктегі түрмелерде мұндай заттарды алып өту қиындайтын сияқты. Әрбір колонияға рентген-телевизиялық құрылғы қойылатын болды. Одан кіріп-шыққан адамның бойында не бар екені анық көрініп тұрады.

Арақты жанармай құятын құтыға, көлік дөңгелегіне салып та кіргізген жағдай болған. Дөңгелекті ауыстырып болған сияқты, өзара келісіп, көзді ала бере, бөтелкені сала қояды. Тіпті жәшігімен алған кездер де болған, - дейді СҚО ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркебұлан Бектұров.
Уақыт өте келе құндылық та өзгерді. Қазір колонияда бәрінен бұрын сыртқы әлеммен байланыс қажет. Сондықтан сотталғандар ебін тауып, ұялы телефон алып кіруге тырысады. Өткен жылы әртүрлі жолмен түрмеге 89 телефон жеткізілген.
6,5 см шағын телефонды қуаттайтын құралымен бірге аяқ киім шеткасына сыйдырған. Тіпті мұны байқамай қалуға әбден болады. Дезодорант құтысына да талай телефонды сыйдырған кез болған. Тыйым салынған заттарды піскен нанның ішінен де таптық, - дейді СҚО ҚАЖД аға жедел уәкілі Дәулет Иманбаев.
Есірткі, телефон, түрлі таблетканы өткізу үшін сырттан келгендер де, іштегі жазасын өтеп жатқандар да түрлі айла ойластырады. Ондай тыйым салынған заттар тіпті зауыттан шыққан консервілерден де табылады екен.
Биыл ерлер колониясында ұялы телефон жазасын өтеушілердің бірінің асқазанынан шықты. Оны медицина қызметкерлерінің қатысуымен әрең алдық. Ол азамат тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ асқазанның емес, есірткінің бүлінбеуін, күшін жоймауын ойлап, оны целлофанға қабаттап орап барып жұта салады, - дейді Дәулет Иманбаев.